4.2 Топырақтың фитопатологиялық талдауы


Топырақтың фитосанитариялық жағдайын флотация, топырақ ерітінділерінің сұйылтуы, өсімдіктік тұзақтар әдістері арқылы анықтады [30] (21, 22-суреттер); топырақтың супрессивтілігі жаңа жоғары дәлдіктегі әдіспен (RU 2568913 патенті – 20.11.2015) анықталды [31].

21-сурет – Флотация әдісімен фитопатогендерді есепке алу

22-сурет – Тұзақтар әдісімен фитопатогендерді есепке алу

Микроорганизмдер саны топырақ суспензияларын шекті сұйылту әдісімен сәйкес қоректік ортаға егу арқылы анықталды: микроорганизмдердің жалпы саны – ет-пептонды агарға (ЕПА), бактериялар саны – ЕПА + сусло-агар (1:1) қоспасына, микромицеттер – сусло-агарға, актиномицеттер – крахмал-аммиак агарына егу арқылы есептелді [32]. Топырақ ылғалдылығы жалпыға бірдей қабылданған әдіспен анықталды [33], ал топырақтың фитоуыттылығы Мочалов-Шерстобоев әдістемесі бойынша анықталды. Өсімдіктердің тамыр шірігімен зақымдану дәрежесі Гейтманның 4 балдық шкаласы бойынша бағаланды [34].