4.2 Гиперспектралды деректерді таңбалау және оқыту жиынын қалыптастыру


Бұл бөлімде кіріс деректерді таңбалау үдерісі қарастырылады, ол сапалы әрі тұрақты модельдерді оқыту және құру үшін маңызды. Оқыту моделі қалыптастыру үшін ең алдымен негізгі классификациялық көрсеткіштерді дұрыс қосу және таңбалау қажет.

Оқытуға арналған деректерді таңбалау барысында негізгі классификациялық көрсеткіштермен қатар, қосымша ақпаратты қамтитын айнымалыларды да қосуға болады. Жоба мәзіріне кіргеннен кейін сол жақтағы бүйірлік панельде барлық зерттелетін үлгілер кесте форматында көрінеді. Ең алдымен, үлгі туралы ақпаратты қамтитын қосымша айнымалы немесе идентификатор қосылады да (32-сурет), ол үшін беттің төменгі жағындағы арнайы батырма қолданылады. Бұл кезде қосымша айнымалының немесе идентификатордың түрі таңдалып, оған атау беріледі (33-сурет). Одан кейін әрбір үлгінің айнымалысына немесе идентификаторына атау белгіленеді (34, 35-сурет).

32-сурет – Қосымша айнымалы немесе идентификатор қосу

33-сурет – Қосымша айнымалының түрін таңдау және оған атау беру

34-сурет – Әр үлгіге айнымалы немесе идентификатор атауын беру

Осыған ұқсас әдіспен негізгі классификациялық айнымалылар (санаттар) қосылады (36, 37-сурет). Оларға ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары сияқты белгілі санаттар аттары беріледі (38-сурет).

35-сурет – Қосымша айнымалы немесе идентификатор аттары берілген үлгілердің жиынтығы

36-сурет – Классификациялық айнымалыны (санатты) қосу

37-сурет – Әдепкі бойынша белгісіз классификациялық айнымалылар (санаттар)

38-сурет – Белгілі классификациялық айнымалыларды (санаттарды) белгілеу